Қала әкімі ауылдық округ әкімдері мен қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1)Күзгі-дала жұмыстарына дайындық және жем-шөп дайындау барысы туралы.
2) Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
3) Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалған мәселелердің қорытындысы бойынша егін жинау науқанына күнделікті мониторинг жүргізуді, малдың қыстайтын жерлеріне жем-шөп тасуды қамтамасыз ету, ауылдық округтердегі жеке ауланы азықпен қамтамасыз етуді бақылауға алу, малды уақтылы вакцинациялауды жүргізу, елді мекендерде қаңғыбас жануарларды аулау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Ағымдағы бөлім барысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қосымша сауда қатарын ұйымдастыруды, Ақсу шағын ауданында сауда орындарын орнатуды көздеуді, білім беру саласындағы мәселелерді шешу бойынша жол картасын дайындауды, мектеп құрылысы бойынша хат дайындауды, жылумен жабдықтау желілеріндегі екпінді жою бойынша жұмыстарды жеделдетуді, кентішілік жолдарды жол жөндеу және асфальттау бойынша сметалар мен жобаларды дайындауды тапсырды.