
Кеше 23.08.2023 жылы қала әкімі Ақсу шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.
Негізгі өзекті мәселелерді, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейінгі даму перспективаларын қарастырды.
Кездесу барысында тұрғындар балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге, онда жаңа балалар ойын алаңын орнатуға, саябақты қайта жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімдеріне, 8 Марта, 202, 203 көшелері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді сырлауға қатысты мәселелерді көтерді.
Кездесуден кейін мемлекеттік мекемелердің басшыларымен бірлесіп азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады