
Қала әкімі ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік органдардың басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы. ҰБТ-ға дайындық;
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру туралы.
Кеңес қорытындысы бойынша ҰБТ тапсыру және жоғары оқу орындарына түсу бойынша соңғы үш жылда талдау дайындауды. Қала сыртына шығумен мектеп жасындағы балаларға экскурсия ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру.
Халықтың мобильділігі төмен топтарының жаңа объектілерде қолжетімділігін бақылауға алу, сондай-ақ қаланың 26 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде толық қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырды.
Ағымдағы бөлім барысында ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді, ауылдарда жобаларды іске асыруды, Ақсу шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үйлерді уақтылы бояуды, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау жүйелерін жууды бақылауға алуды, сондай-ақ жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мониторинг жүргізуді тапсырды.