Қала әкімінің Достық ауылдық округі тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Қала әкімінің Достық ауылдық округі тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Бүгін, қала әкімі күннің бірінші жартысында Достық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлар туралы айтып берді.
Тұрғындар Железнодорожная көшесіндегі су құбырын қайта жаңарту, жайылымдардың жетіспеушілігі, көше жарығының болмауы мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, «Жолдағы қабылдау» форматында жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Кездесуден кейін сапасын тексеру үшін қала әкімі ойын алаңына барды. Тұрғындардың алаң шағымы жоқ. Сондай-ақ, жақын арада Железнодорожная көшесіндегі көше жарығын қалпына келтіруді тапсырды.