Қала әкімінің Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесуі

Қала әкімінің Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесуі

Бүгін халықпен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулер басталды. Алғашқы кездесуді қала әкімі Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен өткізді.
Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, өзекті мәселелерді қарастырып, алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады.
Кездесу барысында тұрғындар ауылдың шетіндегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, Степная көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ылғалдылығы, Ақжол ауылының ФАП-да жарықтың болмауы мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп «Жолдағы қабылдау» форматында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.