Қала әкімі ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді

Қала әкімі ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді

Қала әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1) 2023 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму, қала әкімінің рейтингі және бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы;
2) Ақсу қаласында мамыр мерекелерін дайындау және өткізу барысы туралы.
Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша әкім 1 тоқсандағы рейтинг көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша оң динамиканы атап өттім. Индикаторларға қол жеткізуді тұрақты бақылауда ұстауды, бюджет қаражатын уақтылы игеруді, алдағы мамыр мерекелерінің сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді, ұлттық спорт ойындарын ұйымдастыруды, қала мен ауылдарда концерттік бағдарламаларды өткізуді тапсырды.
Сондай-ақ, Нұрлан Шайхсләмұлы абаттандыру, сенбіліктерді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ерекше бақылауға алуды, әскерге шақырылушыларды іздестіру, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою жөніндегі жұмыстарды күшейтуді, Ертіс алқабында өрт тудырған жер пайдаланушыларға қатысты, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандыруды, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалар бойынша жұмыстың барлық процесін бақылауды тапсырды.