10 сәуірде Ақсу қаласы әкімінің аппарат кеңесі өтті

10 сәуірде Ақсу қаласы әкімінің аппарат кеңесі өтті

10 сәуірде  Ақсу қаласының әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік органдардың басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1) 2023 жылғы бірінші тоқсандағы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы туралы;
2) Ақсу қаласында азаматтарды көктемгі шақыруға дайындық және оны өткізу барысы туралы.
Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлан Шайхсләмұлы қаражат іздеу жұмыстарын жүргізуді, бюджет тапшылығын жабу үшін мүмкін резервтерді анықтауды, ЖПҚ-мен бірлесіп әскерге шақырылушыларды іздестіру жұмыстарын күшейтуді, колледж басшыларына мерзімді әскери қызметке шақырылғысы келетін адамдар үшін емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыру мәселесін қарауды тапсырды.

Кеңестің ағымдағы бөлігі барысында Ақсу қаласының әкімі мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмысты күшейтуді, қосымша білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша жұмысты бақылауға алуды, Ақсу өңірінің пара қауіпті кезеңін бақылауда ұстауды тапсырды. Абаттандыру айлығы шеңберінде тұрғындарды апта сайын үй маңындағы аумақтарды жинауға тарту жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ бизнес субъектілерінің іргелес аумақтарын санитарлық күтіп ұстау және сәулеттік келбеті бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді тапсырды.