2023 жылға арналған дезинсекциялық іс-шараларды өткізу мәселесі бойынша жұмыс кеңесі

2023 жылға арналған дезинсекциялық іс-шараларды өткізу мәселесі бойынша жұмыс кеңесі

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсенбинов 2023 жылға арналған дезинсекциялық іс-шараларды өткізу мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы А. Ж. Қабылтаева қатысты.
Кеңес барысында негізгі өңдеу учаскелері анықталды. 2 900 га өңдеу жоспарлануда (оның ішінде 300 га – таяз суларды өңдеу, 2600 га – ашық станциялар).
Дезинсекциялық жұмыстарды «Cash Trade-KZ» ЖШС жүргізеді, ғылыми сүйемелдеуді «Желдордезинфекция-Павлодар» ЖШС қамтамасыз етеді.
Бактицид және Биорин, Авицин, РНОВ препараттарын қолдану жоспарлануда.