Ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес

Ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес

2023 жылдың 13 наурызында ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында үш мәселе қаралды:
1. Жер мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
2. Ақсу өңіріндегі ветеринариялық қызметтің проблемалық мәселелері туралы;
3. Қалалар мен аудандар әкімдері рейтингінің индикаторлары туралы.
Кеңес қорытындысы бойынша Ақсу қаласының әкімі пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша жұмысты күшейтуді, жануарларды вакцинациялау бойынша жұмысты жандандыруды, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша бақылауды қамтамасыз етуді, су тасқыны қауіпті учаскелерді бақылауда ұстауды тапсырды.