Қала әкімі Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Қала әкімі Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсенбинов  Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуге қатысты.
Кездесу халыққа құқықтық және өзге де көмек көрсету мақсатында өткізілді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрманова, облыс прокурорының бірінші орынбасары Т. А. Әлібаев, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ж. И. Қайыров, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар Степная көшесі бойындағы КПТҮ ауласында шағын футбол алаңын орнатуға, Астана-Павлодар тас жолының торлы қоршауына жөндеу жүргізуге, сондай-ақ Степная көшесінің асфальт жабынына жөндеу жүргізуге қатысты мәселелерді көтерді.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.