Қала әкімі сауда үйлеріне барды

Қала әкімі сауда үйлеріне барды

Әлеуметтік желілерде қала әкімі Н.Ш. Дүйсенбиновке «Достық» сауда үйінде жылытудың төмендетілген параметрлері туралы, сондай-ақ жалдау ақысын арттыру жағдайлары туралы өтініш түсті. Әкім сауда үйіне барып шықты.
Температуралық режимге қатысты «Достық» СҮ меншік иесі Б. Я. Эрназаровқа сауда үйінің кіру топтарын оқшаулау бойынша ұсыныстар берді.
Нұрлан Шайхсләмұлы аралау барысында «Нива» дүкеніне барды. Кәсіпкерлік және туризм бөліміне әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қадағалау, сондай-ақ мереке күндері 15 %-дан аспайтын сауда үстемесін сақтауды тапсырды.