Халықпен тұрақты кездесулер аясында қала әкімі Ақсу шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Халықпен тұрақты кездесулер аясында қала әкімі Ақсу шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

2022 жылғы 23 қараша күні Ақсу қаласының әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов халықпен тұрақты кездесулер аясында Ақсу шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Қала әкімі кездесу барысында 10 айлық жұмыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелер және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары туралы баяндады.
Тұрғындар саябақты абаттандыру, Набережная көшесі бойындағы жолдарды сумен жабдықтау және асфальттау, орталық жылыту, қаңғыбас иттер мәселелері туралы айтты.
Әкім мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп азаматтарды жеке қабылдау өткізді.