Ақсу қаласының әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Ақсу қаласының әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Ақсу қаласының әкімі Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2023 жылға арналған даму жоспарлары талқыланды.
Ауыл тұрғындары учаскелік полиция инспекторларының тұруы мен жұмыс кестесіне, ветеринария мамандарының жетіспеушілігіне, жолдарды асфальттауға қатысты мәселелерді көтерді.
Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсенбинов кездесуден кейін жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірге ауылдық округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.