Бүгін қала әкімі Ақсу қаласының құрылыс нысандарын тексерді

Бүгін  қала әкімі Ақсу қаласының құрылыс нысандарын тексерді

Бүгін Ақсу қаласының құрылыс нысандарын тексерді. Қалада 4 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2 үйді 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Дөнентаев көшесі, 44, 46 бойынша екі үйдің құрылысы басталды. Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі - 2023 жыл.

Қалалық С. Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайы ғимаратындағы жертөле мен санитарлық тораптарды ағымдағы жөндеудің басталуымен танысты. Мердігер ұйым - «ЭВЕРЕСТ» Құрылыс корпорациясы ЖШС. Бүгінгі күні бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.

«Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан № 4 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу барысын қарап шықты. Бүгінгі күні терезе және есік блоктарын орнату, желдеткіш шахталарын тазалау және желдеткіш ауа өткізгішін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Павлодар облысы әкімдігі мен «ERG S. a.r.l» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында балалар ойын алаңын орнату басталған Пушкин көшесі, 40 үйдің ауласын абаттандыруды, Бочче инклюзивті ойыны үшін таза ауада спорт алаңын орнату үшін қарастырылған аумақты қарап шықты.