Қала әкімі ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен аппараттық кеңес өткізді

Қала әкімі ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен аппараттық кеңес өткізді

Бүгін ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен аппараттық кеңес өтті.

Күн тәртібінде 2022 жылы жүзеге асырылатын жоспарланған қайта өңдеу жобалары және ауылдық елді мекендерді ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді: 2023-2024 жылдарға арналған қайта өңдеуді дамыту перспективаларын зерделеу, Ақсу өңіріндегі барлық АЕМ-де интернеттің өткізілуін 100% қамтамасыз ету мәселесін пысықтау.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдеріне 2022 жылдың 15 тамызына дейін апатты қоқыстарды жою және балалар алаңдарын орнату жұмыстарын жүргізуді, ТКШ және сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшыларына қаламызды абаттандыру тұжырымдамасын пысықтау тапсырылды.