Бүгін Ақсу қаласының әкімі М. Омаров атындағы ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына барды

Бүгін Ақсу қаласының әкімі М. Омаров атындағы ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына барды

Бүгін Ақсу қаласының әкімі М. Омаров атындағы ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына барды. Жобаны «Портал-ПВ» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта іргетасты құю бойынша жұмыстар жүргізілді, қабырғаларды қалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл орта мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу барысын қарап шықты. Мердігер ұйым - «Пирамида Құрылыс Фирмасы» ЖШС. Бүгінгі таңда жылу құбырын төсеу, радиаторларды орнату және т. б. жүргізілді.

Еңбек ауылындағы орта мектеп ғимаратындағы акт залы мен спорт залына, асханаға, фойеге, дәліздерге күрделі жөндеу жүргізу барысын тексерді. Мердігер ұйым - «Стройальянс НС» ЖШС. Бүгінгі таңда ішкі беттерді құрғақ қоспалармен, цемент-құм еденімен және т. б. әрлеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты сапалы және кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды