Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

2022 жылдың 23 маусымында Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Т. Жақыпов Достық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша № 489, 496, 497 және 498 учаскелік комиссия мүшелерімен семинар-кеңес өткізді. Семинарда учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жұмысы, сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссиясының дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау кезіндегі іс-қимыл тәртібі мәселелері қаралды. Сайлау учаскесін жарақтандыру, сайлаушылардың дауыс беруге арналған бюллетеньді алу алгоритмі, сайлау үшін үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Кеңеске ТЖ бөлімінің бастығы С.Ж. Мадеев, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Д. Жунусов, Ақсу қаласы әкімі аппараты басшысының м. а. А. М. Нашарова қатысты. Жалпы семинар іскерлік, жұмыс атмосферасында өтті.