Ақсу қаласының әкімі Дүйсенбинов Н.Ш. Алғабас ауылдық округінің Алғабас, Жолқұдық, Ребровка, Қаракөл ауылдарында халықпен кездесу өткізді

Ақсу қаласының әкімі Дүйсенбинов Н.Ш. Алғабас ауылдық округінің Алғабас, Жолқұдық, Ребровка, Қаракөл ауылдарында халықпен кездесу өткізді
 
 Атқарылған жұмыс қорытындылары талқыланып, ауыл тұрғындарын алдағы кезеңге арналған жоспарлармен таныстырды.

Кездесу барысында Алғабас ауылында әлеуметтік дүкен ашу, ұялы байланыс мұнарасын ауыстыру, Жолқұдық ауылында балалар алаңын орнату мәселелері көтерілді. Ребровка ауылында тұрғындар «Кронос-Павлодар» ЖШС елді мекенінің жерлерін беруге байланысты мал жаю мәселесін көтерді, сондай-ақ шабындық жерлерге өтуге кедергі болған «Колос» ШҚ бойынша жүгінді. Сонымен қатар  қала әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов 
азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Қала әкімі Алғабас ауылдық округі ауылдарының тұрғындарына алдағы референдумның маңыздылығын түсіндіріп, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша еліміз үшін тағдыршешті шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырдым.