Әкім Қалқаман ауылдық округінің халқымен кездесті.

Әкім Қалқаман ауылдық округінің халқымен кездесті.

Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу аясында қала әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов Қалқаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, 4 айда атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, сондай-ақ ағымдағы жылдың даму перспективаларын талқылады.

Ауыл тұрғындары сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру, саябақты қоршау, жолдарды жөндеу, асфальттау, сондай-ақ ветеринариялық анықтамалар беру, екпе алу, Ақжол ауылында Даңқ Обелиск орнату мәселелерін көтерді.

Қала әкімі ауылдық округ тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға қатысуға шақырды.