Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті жерлестер!
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 77 жылдық мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсті, Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Олардың Отан үшін жасаған ерліктері ұрпақтан-ұрпаққа жете береді.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау жеңістің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Бүгінгі күні Ақсу өңірінде Ұлы Отан соғысының 1 қатысушысы және 391 тыл еңбеккері тұрады. Біздің қасиетті парызымыз оларды қамқорлықсыз және қараусыз қалдырмау, сондай-ақ батырлар туралы жарқын естелікті сақтау.
Осындай ұлы күні сіздерге мықты денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа жетістіктеріне куә бола беріңіздер.
Жеңіс күні құтты болсын!
Нұрлан Дүйсенбинов, Ақсу қаласының әкімі