Мультимедиялық «Ertis» музейінде «Туған өлкем - алтын қазынам» атты жылжымалы дербес көрме өтті

Мультимедиялық «Ertis» музейінде «Туған өлкем - алтын қазынам» атты жылжымалы дербес көрме өтті

Павлодар қаласындағы мультимедиялық «Ertis» музейінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақсу қаласының суретшісі Татьяна Тишакованың «Туған өлкем - алтын қазынам» атты жылжымалы дербес көрмесі ашылды. Осы іс-шараға облысымыздың суретшілері, Ақсу қаласының Құрметі азаматы, ҚР-ың суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан көркемөнер академиясының академигі Өсербай Шоранов, славян этно-мәдени орталығының «Родники» және Павлодар қаласының П.Васильев атындағы кітапхананың «Экспромт» әдеби клубының мүшелері қатысты.

Т. Тишакова өз суреттерінде қаланы, айналаны әдемі бұрыштарымен, адамдар мен туған өлкесінің табиғатының сұлулығын көрсете білді, түрлі-түсті сиқырлы келген көрермендердің жүрегінен орын алды.