2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша ақпарат

2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша ақпарат

2022 жылдың қаңтардан бастап Павлодар облысында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалған сомасын есептеу бойынша пилоттық жоба енгізілуде.

2022 жылы АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау бұрынғы форматта «Электрондық үкімет» порталы арқылы және баламалы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауылдық округтердің әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге көшуге байланысты әлеуметтік көмек алушылар үшін елеулі өзгерістер болмайды.
Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу өткен ай үшін келесі айдың 10 жұлдызына дейін жүзеге асырылатын болады, осылайша қаңтар айына төлемдер 10 ақпанға дейін жүргізілетін болады. Кейіннен бұл төлемдер белгіленген схемаға сәйкес жүргізілетін болады.

АӘК төлеудің мемлекеттік корпорация арқылы өтуінің артықшылықтарының бірі тағайындалған АӘК-ті алушының кез келген екінші деңгейдегі банктегі шотына аудару болып табылады.