Белсенді ауыл жастары үшін

Белсенді ауыл жастары үшін

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев Достық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді, оның барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе ауыл жастарына ерекше көңіл бөлінді.

Ауылдың жас белсенділері қайырымдылықпен, шығармашылықпен айналысады, сондай-ақ спорттың дамуына үлестерін қосып жүр. Кездесу аясында жаңа буын өкілдерінен Достық ауылдық округінде Жастар орталығының филиалын ашу туралы ұсыныс түсті. Жанат Рашитұлы олардың бастамасын қолдап, жастардың шығармашылық идеяларын тыңдауға, ауыл жастарын жұмыспен қамтуға ерекше назар аударуға дайын екенін атап өтті, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысына Достық ауылдық округі әкімдігінің базасында жұмыс істеп тұрған кабинетті қажетті жабдықпен жабдықтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

26 қаңтарда жүгінген белсенділерге ауыл тұрғындары үшін цифрлық және медиасауаттылық бойынша сабақтар өткізуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру техникасы берілді.

Өз кезегінде жастар мәселені жедел шешкені үшін ризашылықтарын білдірді.