Газ баллондарын қауіпсіз пайдалану

Газ баллондарын қауіпсіз пайдалану

2021 жылы облыс тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымының арқасында
жергілікті атқарушы органдарға 2 қабаттан астам көп қабатты тұрғын үйлерде (бұдан әрі - КПТҮ) тұрмыстық баллондарды заңсыз пайдалану туралы қоңыраулар түсті. Осындай бұзушылықтардың расталған екі фактісі тұрғын үй инспекциясының өкілдері орынға келуі кезінде жойылды.
Сұйытылған газдың тұрмыстық баллондарын пайдалануға тыйым салу тек КПТҮ тұрғындарына ғана емес, әдетте, төменгі қабаттарда, оның ішінде КПТҮ-ге жапсарлас үй-жайларда орналасқан бизнес субъектілеріне (кафе, аспаздық, асханалар және т.б.) де қатысты екенін түсіну қажет.
Бұдан басқа, автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарды құюға үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі, бұл баллондардың механикалық бұзылуына әкелуі мүмкін.
Егер тұрмыстық баллондарды пайдалану кезінде бұзушылық фактілері белгілі болса, халықты белсенді болуға және немқұрайлы қалмауға шақырамыз.
Мұндай фактілер туралы 2-42-25 телефон нөміріне хабарласуға болады.