Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

Бүгін, 20 қаңтар күні, Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев Алғабас ауылдық округінде болды. Сапар аясында ол Айнакөл, Алғабас, Жолқұдық ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Әкіммен бірге халықпен кездесулерге Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев қатысты.

Азаматтармен әңгімелескен әкім азаматтардың өзекті мәселелерімен танысты. Қаңғыбас иттерді аулау, баға белгілеу, жарықтандыру, жұмыспен қамту, ауыз су сапасын жақсарту, электр энергиясы, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және т.б. мәселелер айтылды. Ауыл тұрғындарына түсініктемелер берілді. Азаматтар көтерген барлық мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдау үшін әкімнің жеке бақылауына алды.

Сонымен қатар, Жанат Шұғаев Айнакөл орта мектебінде, Алғабастық М. Қабылбеков атындағы орта мектепте, жаңа мешітте, «Сәуле» дүкенінде, Жолқұдық ауылындағы Қ .Қамзин атындағы орта мектепте, «У Амана» дүкенінде және сол дүкендегі наубайханада болып, нысандардағы жұмыс жағдайымен танысты.

Қала әкімінің ауылдық округтерге жұмыс сапарының басты мақсаты - жергілікті жерлердегі тұрғындардың мәселелерін тыңдау және оларды шешу жолдарын табу.