Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев жұмыс сапарымен Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінде болды.

Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев жұмыс сапарымен Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінде болды.

Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев жұмыс сапарымен Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінде болды. Қала басшысы халықпен кездесу өткізіп, Құркөл, Еңбек, М. Омарова атындағы ауылдарында азаматтарды жеке қабылдады.

Әкіммен бірге халықпен кездесуге Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев, мемлекеттік бөлім басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, және Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесуге «Ақсу су арнасы» КММ директоры қатысты.

Кездесу барысында сұрақтар түрлі тақырыптарға түсті. Тұрғындарауыз су сапасын жақсарту, қаңғыбас иттерді аулау, көшені жарықтандыру, асфальттау және т.б. мәселелер бойынша өтініш білдірді.

Барлық жүгінген азаматтарға жеке көңіл бөлінді. Олардың әрқайсысы толық жауап алды, өтініштер бақылауға алынды. Округ әкіміне қысқа мерзімде ҚР Заңнамасы аясында азаматтардың мәселелерін шешу тапсырылды.

Жастардан да ұсыныстар түсті. Айта кету керек, бүгінде жаңа буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуге, жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы жағымды жаңалықтардың бірі - биыл М. Омаров атындағы ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Бұл ауыл спортын дамытуға үлкен үлес.

Әкім Жанат Шұғаев эпидемиологиялық жағдайға қызығушылық танытып, оларға округ тұрғындары арасында вакцинацияның қалай жүргізіліп жатқанын білді.

Жұмыс сапары барысында шаһар басшысы С. Дөнентаев атындағы орта мектепте болды. Өткен жылы ғимараттың қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілген терезелері ауыстырылды.

Қала әкімінің Ақсу өңірінің ауылдық аймақтарын аралауы жалғасады.