Әлемде «Омикрон» коронавирус штаммы таралуының күрт өсуіне және оның Қазақстанда таралуының анықталуына байланысты Қазақстанға келетін адамдарға қатысты қосымша шектеу шаралары енгізілуде.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы Қаулысына сәйкес, шетелден келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) ұсынуға міндетті.
Бұл ретте Анықтама ПТР әдісімен зерттеу үшін материалды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда жарамды.
Анықтама оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан; авиакомпаниялар экипаждарынан талап етілмейді.
Осы шектеу шаралары 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті.