Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев тұрақтандыру қорының серіктес әлеуметтік дүкендерінде мониторинг жүргізді.

Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев тұрақтандыру қорының серіктес әлеуметтік дүкендерінде мониторинг жүргізді.

Бүгін, 14 қаңтар күні, Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев тұрақтандыру қорының серіктес әлеуметтік дүкендерінде мониторинг жүргізді.

Шаһар басшысы «Ауыл» коммуналдық базарының бөлімдеріне, «Құлагер» дүкеніне (Әуезов к-сі, 73), «Нива» дүкенінің бөлімдеріне («Великосельская» ЖК, «Райымбек» дүкені (Қамзин к-сі, 14), «Жәмиля» дүкені (М. Мәметова к-сі, 1), «Кронагро» шаруа қожалығы» ЖШС (Қамзин к-сі), «Супермаркет» дүкенінің бөлімдеріне («Кузнецова» ЖК, «Ещанова» ЖК) барып, бағаларын тексеріп шықты.

Тұрақтандыру қорының нүктелеріндегі қант бір килограмға 264 теңгеден, күріш - 228 теңгеден, I сұрыпты ұн - 135 теңгеден, нан - 95 теңгеден, қарақұмық жармасы - 341 теңгеден, макарон (таразы) - 224 теңгеден, тұз - 50 теңгеден, картоп - 115 теңгеден, сәбіз - 115 теңгеден сатылады.

Сондай-ақ, «КронАгро «ШҚ» ЖШС әлеуметтік дүкенінде өндірушінің өзінен 1 килограмм үшін 100 теңгеден картоп сатылады және ол бір қолға 5 кг-ға дейін жіберіледі.

Әкім қаланың кәсіпкерлік және туризм бөліміне бағаны тұрақты бақылауда ұстауды, картоп пен сәбізді уақтылы жеткізуді жүзеге асыруды, азық-түлік сапасын бақылауды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды.