Бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады. Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде.
Сонымен қатар, Азаматтарға Call-center 115-те ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.