Жастарды деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу

Жастарды деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу

А.ж. 25 қарашасында қала мектептерінің оқушылары үшін «Жастарды деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәріскер ретінде Павлодар облысының дін істері басқармасының басшысы-Даулет Коканович Закарьянов, облыстық дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Омербековна Асанбаева және конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог инспекторы Асылхан Еруланович Батырханов сөз сөйледі. Сондай-ақ, оқушыларға «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған топтардан бас тарту туралы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.