Ақсудағы жәрмеңке

Ақсудағы жәрмеңке

Бүгін Ақсу қаласында кезекті күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкелік қатарлар "Ауыл" коммуналдық базарында орналастырылды. Оған жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, кәсіпкерлер, сондай-ақ ауылдық округтер қатысты.

Жәрмеңкеге Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев келді. Ол сауда қатарларын аралап, ұсынылатын өнімдердің барлық түрлерімен және тауарлардың бағаларымен танысты.

Сөрелерде-ет, сүт өнімдері, көкөністер, жұмыртқа, май, ірімшіктер, шұжықтар және басқалар орналасқан. Қаланың басқа базарлары мен дүкендеріне қарағанда бағалар 20-25 пайызға төмен.