Көшпелі көрме

Көшпелі көрме

«Ғажайыптар жаныңда» VI көшпелі туристік көрме Ақсуда

Ақсуда «Ғажайыптар жаныңда» атты VI көшпелі туристік көрме өтуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы дәстүрлі шара осы жолы қаламыздың Сәбит Дөнентаев атындағы Мәдениет Сарайында ұйымдастырылды.

Облыс туризімін дамытуға бағытталған көрмені ұйымдастыруға Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы мұрындық болды. Дәл осындай жоба бұған дейін Екібастұз қаласы мен Шарбақты, Май, Ертіс, Аққулы аудандарын қамтыған.