2021 жылғы 23-25 қараша аралығында кәмелетке толмағандар, оның ішінде топтарда жасалатын қылмыстарды ( бұзақылық, тонау, ұрлық, қорқытып алу және т.б.), кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Ақсу ЕҚ қызмет көрсету учаскесі бойынша "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады. Сондай-ақ олардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйінен тыс жерде және ойын-сауық мекемелерінде болуы анықталады.