Зауыт территориясында оқу жаттығу өтті

Зауыт территориясында оқу жаттығу өтті

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Ақсу қаласында "ЕЭК" АҚ аумағында "хлор ағып кеткен жағдайда әрекет ету" тақырыбында оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығуларға "ЕЭК" АҚ құралымдары, Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі, Ақсу қаласының құтқару бөлімшесі, Ақсу қаласының полиция бөлімі, Жедел медициналық қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу барысында шартты ТЖ аймағынан қызметкерлер эвакуацияланды, одан әрі штаб құрылды және байланыс орнатылды, ағып кету орны анықталғаннан кейін зардап шегуші табылды, зардап шеккен адамды құтқарушылар эвакуациялап, полиция қызметкерлері  шартты ТЖ аймағын қоршауды орнатты. Өрт сөндірушілер хлор бұлтының таралуын және жауын-шашынын шектеу үшін су пердесін орнатып, аппаратшылар хлордың шартты түрде ағып кету орнын жойды.