Ағымдағы жылдың 12 қазанында Ақсу қалалық ауруханасының еңбек ұжымдарына діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Лектор ретінде Павлодар қаласының конфессия аралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік желілерде (ВКонтакте) тыйым салынған топтар туралы, дәстүрлі және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелер қозғалды, сондай-ақ әдістемелік әдебиеттер таратылды.