Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ONLINE жермеңке

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ONLINE  жермеңке

2021 жылғы 19 қазанда сағат 12:00 – де ZOOM платформасында онлайн форматта Ақсу қаласының әкімдігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы Департаменті өкілдерінің қатысуымен "Білім беру, спорт, халықты әлеуметтік қорғау және экономика саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері" тақырыбында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.

Аталған іс-шара онлайн режимінде Instagram "akimataksu", Facebook "Ақсу шаңырағы"әлеуметтік желілерінің беттерінде көрсетілетін болады. Қаламыздың азаматтарын онлайн режимінде қатысуға және Сізді толғандыратын сұрақтар қоюға немесе әлеуметтік желілерде пікір қалдыруға шақырамыз.