6 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ COVID-19 БОЙЫНША АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

6 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ COVID-19 БОЙЫНША АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

ТӘУЛІГІНЕ 25 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Ақсу қаласында пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай.  Коронавирустық инфекцияның 3 781 жағдайы тіркелді.

1 қаңтар мен 5 қыркүйек аралығында өсім 2 914 адамды құрады.

Бір тәулік ішінде 25 жағдай тіркеліп, өсім-0,67% құрады. Оның ішінде: бұрын науқастармен байланыста болғандар - 1, өзін - өзі емдеу - 22, кәсіби мақсат - 1, эпидқадағалау мақсатында-1.

Бір аптада-144 жағдай тіркеліп, өсім-3,96% құрады. Тәулік ішінде  тіркелген науқастардың  құрылымы: балалар - 2 (мектеп-лицей - 1, № 8 орта мектеп - 1), жасөспірімдер - 1 (№2 орта жалпы білім беретін мектеп - 1), медицина қызметкерлері - 1, еңбек ұжымдарында - 2 (Ақсу ферроқорытпа зауыты - 2), жұмыс істемейтіндер - 3, зейнеткерлер - 11, басқалар - 5 ("Нива" сауда үйі - 2, "Пульс" ПИК, "Фея" салоны, "Теплосервис - Ақсу"КМК).

Қолданылған шаралар: 3 781 ошақ тергелді, 3 440 карантиннен алынды (341 карантиндегі ошақ),         7 042 науқастармен байланыста болғандар анықталды.