Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

 

2021 жылдың 16 маусымында Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.К. Әділбаева № 492,493 және М. Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша 499 учаскелік комиссия мүшелерімен семинар-кеңес өткізді. Семинарда учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жұмысы, сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссиясының дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау кезіндегі іс-қимыл тәртібі мәселелері қаралды. Сайлау учаскесін жарақтандыру, сайлаушылардың дауыс беруге арналған бюллетеньді алу алгоритмі, сайлау үшін үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Сәуле Қалыбекқызы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жалпы семинар іскерлік, жұмыс атмосферасында өтті.