Қоныстарыңыз құтты болсын!

Қоныстарыңыз құтты болсын!

Пәтерлердің көптен күткен кілттері кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал топтардағы 144 адамға табысталды. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 9 қабатты жаңа тұрғын үй Хиуаз Доспанова көшесі, 32 мекен-жайында орналасқан, кілттерді тапсыру рәсіміне Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты. Адамдардың көп болуын болдырмау үшін, шара үш ағымға бөлінді. Облыс әкімінің қолынан кілттерді мүгедек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алды. Бүгінде баспана алғандардың арасында интернационалист жауынгердің болуы символдық болды. Салтанатты Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Мәдениет Омарғалиев жалғастырды. «ДСК Монтаж» ЖШС салған тұрғын үй 4 кіреберістен тұрады. Пәтерлердің жалпы санынан - 72 бір бөлмелі және 72 екі бөлмелі. 1 қабаттағы барлық кіреберістерде бейнекамералар орнатылған.