Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық жүргізілуіне байланысты, қала әкімдігінде сайлау мәселелері бойынша Call-орталық жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Тұрғындар Call-орталық арқылы:

         - өзінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметті нақтылай алады;

           - өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады;

          - дауыс беруге қатысу тәртібі бойынша консультациялық көмек ала алады.

         Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні өзінің тіркелген мекенжайынан тыс, Ақсу өңірінің аумағында болуды жоспарлап отырған азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей Астана көшесі, 52, 209-кабинет  мекенжайында орналасқан  қала әкімдігіне өтініш беруі қажет.

Аталған құқықты келесі азаматтар пайдалана алады:

         -   дауыс беру күні өздерінің тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатынын алдын ала білетін азаматтар;

         - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ жатақханалардан тыс жерде тұратын басқа қаладан келген студенттер;

         - вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

         Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа келесі нөмір арқылы хабарласуға болады:

     +7 775 159 4923 (WhatsApp).

       Call-орталықтың жұмыс кестесі:

        - дүйсенбі – жұма – сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс: 13:00 - 14:30);

        - сенбі, жексенбі – сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Ақсу қаласының барлық тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!