Қала әкімі дауылдан зардап шеккен қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
И. Құтпанұлы атындағы спорт сарайында, «Балапан» бөбекжай-бақшасында, №10 балабақшада, №8 мектепте және қалалық емханада қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Бүгінгі таңда білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы барлық әлеуметтік нысандарда жұмыстар басталды. Қажетті құрылыс материалдары жеткізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары 10-12 ішінде аяқталады деп жоспарлануда.
Атқарылып жатқан жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.