Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің
әкімін сайлау туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 118-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1-бабы 4, 5-тармақтарына сәйкес:
Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің әкіміне кандидаттар 2020 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді:
Мукушев Даулен Маканович, 1976 жылы туған, «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының орта мектебі» КММ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының Тәуелсіздік көшесі, 10- үй мекенжайында тұрады;
Солтанов Максат Серикович, 1984 жылы туған, жұмыс істемейді, Ақсу қаласы, Қамзин көшесі, 61-үй, 19-пәтер мекенжайында тұрады.
Абильдинов Даулет Жумабаевич, 1990 жылы туған, Ақсу қаласы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімнің бас маманы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 58/1-үй, 45-пәтерде тұрады.
Ақсу қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Жакипов