ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БИЗНЕСТІҢ ӨЗІ БАҒАЛАУЫ ТИІС

ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БИЗНЕСТІҢ ӨЗІ БАҒАЛАУЫ ТИІС

ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БИЗНЕСТІҢ ӨЗІ БАҒАЛАУЫ ТИІС

«Атамекен» басшысы төрт күнге жалғасқан кездесулер (15-18 қыркүйек аралығы) барысында төтенше жағдай, локдаун және карантиннен кейінгі кезеңде бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық палата қолға алған шаралар туралы айтты. Жиындар барысына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 463 кәсіпкер қатысты

Мәселелер ауқымы кең болды, осы ретте келесі тақырыптар: пандемиядан кейін бизнесті қолдау және қалпына келтіру шаралары, АӨК саласы, жер қойнауын пайдаланушылар және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларына қатысты мәселелер, жергілікті қамтуды дамыту, утилизациялық алым мәселелері, салық салу және меншікті нарықты қорғау бойынша мәселелер жиірек көтерілді.

«Өңірлермен кездесулер өткізу жиілігі кәсіпкерлер – сіздермен «кері байланыс» орнатудың маңыздылығын көрсетті. Өңірлік бизнеспен ағымдағы жылда алғашқы кездесу нәтижесі бойынша мәселелер жиыны Премьер-Министр деңгейінде қаралды. Соның нәтижесінде 84 түйткілді мәселе ішінде 41 мәселе шешімін тапты, қалғаны мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен шешілу деңгейінде. Бизнес өкілдерімен онлайн-кездесулер форматы тұрақты өткізілетін болады», – деді Тимур Құлыбаев.

Жүзден астам мәселе Ұлттық палата басқармасы және өңірлік палаталар директорларының жұмысына алынды.

Цифрлық өнімдері тақырыбын жалғастыра отырып, кездесу барысында «Qoldau» ақпараттық жүйесін пайдалануға абонеттік төлем тарифін жоғарылату мәселесі көтерілді, бұл мәселені бизнес Премьер-Министрдің жетекшілігімен өткен өңірлерді дамыту жөніндегі жиында көтерді.  ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Qoldau» ақпараттық жүйесін пайдалануға абонеттік төлем тарифі 3,7 есе жоғарылады. «Ақпараттық-оқу орталығы» АҚ абоненттік төлемді ауыл шаруашылғы өндірешулері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мақұлдаусыз бір жақты тәртіпте іске асырған.

Кәсіпкерлер субсидяилауға өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы беруді немесе «Qoldau» ақпараттық жүйесі арқылы беруді ұсынды, сонымен қатар бағдарламаны тегін қолдануды немесе төлемді жылына бір рет жүргізуді ұсынды.

 

 Сонымен қатар кәсіпкерлер СТ-KZ және индустриялық сертификат тізілімімен мемлекеттік сатып алулар порталын біріктіру ұсынысын көтерді.

Жұмыс режиміне оралған өнеркәсіп секторының кәсіпорындары ілеспе құжаттар, сонымен қатар сертификаттарға қатысты қиындық көруде.

Құрылымды талқылау пандемия тақырыбын айналып өтпеді.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін Павлодар облысында 138 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған 46 мыңнан астам шағын, орта және ірі бизнес жұмыс істеді, шектеу жойылғаннан кейін, 134 мыңнан астам қызметкері бар 45 мың кәсіпорын бүгін өз жұмысын қайта бастады. Шектеу шаралары бар кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны - 1244, онда 11 588 жұмыскер бар.

«Кәсіпкерлерден келіп түсетін сұрақтарының бірі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жоғары талаптарына қатысты. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша кәсіпкерлерге дезинфекциялық туннельдер, рамалар сауда орталықтарында, үйлерде, жабық базарларда орнатылуға міндеттелді. Кәсіпкерліктің өтініштерінен байқалғандай, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің карантиндік шаралардың сақталуына қойылатын талаптары асыра көрсетілгені және кәсіпкерлер тарапынан қосымша шығындарға әкеп соқтыратыны анық. Дезинфекциялық туннельдердің құны шамамен 400 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, дезинфекциялық туннельдерді орнату және пайдалану сауда орталықтарына келушілер үшін жағымсыз сипат пен тітіркенуді тудырады, өйткені ол адамға басынан аяғына дейін дезинфекциялау затын шашыратады», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қобланбек Қожин.

Бизнестің тағы бір проблемалық мәселесі коммуналдық төлемдерді төлеуге қатысты. Елімізде коронавирустың таралуына және төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты қызмет көрсету саласында, әсіресе фитнес залдары мен хауыздар үшін өте күрделі жағдай қалыптасты, олар өз қызметін осы жылдың наурызынан бастап тоқтатуға мәжбүр болды.

Алайда, монополистер жұмыс істемей тұрған кезде осындай объектілер үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу талаптарын жеңілдетпейді.

Кездесулер қорытындысы бойынша өңірлік палаталар және орталық аппарат жұмысының жоспарлары түскен мәселелерді ескере отырып түзетіледі, әр мәселе Төралқа Төрағасы мен Басқарма Төрағасының бақылауында болады.

«Құрметті әріптестер, сіздерге кездесуге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Біз Басқарма және дирекциялармен аймақтық кеңестердің мүшелеріне ақпараттық қолдауды ұйымдастыру бойынша келістік. Өңірлік кеңестер мүшелерінен өңірлік бизнестің мәселелеріне талдау жүргізіп, бизнестің жай-күйін түсініп, сондай-ақ қандай секторлардың зардап шеккенін саралауын сұрағым келеді. Үкімет бизнесті қолдау бойынша бірқатар шара ұсынғанын білесіздер. Біз ҰКП ретінде ұсынған шаралар бүгінде іске асырылып жатыр. Енді іске асырылу тиімділігін байқау қажет. Шаралар тиімсіз немесе сұраныста болмаған жағдайда біз жылдам реттеуіміз керек, сондықтан сіздермен өткен осындай пікір алмасу өте маңызды. Онлайн-кездесулер форматы тиімді, сондықтан жуық арада Төралқаның салалық комитеттерімен кездесулер өткізуді жоспарлап қойдық», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.