Бүгін қала әкімі Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебіне барады.
ERG компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында бұл жерде мектеп ғимаратына, іргелес аумаққа және инженерлік желілерге күрделі жөндеу жобалары жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда нысанда келесі жұмыстар жүргізілуде:
– бірінші және екінші қабаттарда қабырғалар мен төбелерді сылау;
– ғимараттың сыртқы бөлігінде қасбеттік плиткаларды орнату және базальт оқшаулағышын салу;
– желдету жүйесін орнату;
– жылыту және сумен жабдықтау жүйесінің құбырларын төсеу.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына 50-ден астам адам тартылған.