М. Омаров атындағы ауылдық округтің жұмыс сапары

М. Омаров атындағы ауылдық округтің жұмыс сапары

Жұмыс сапары аясында М. Омаров атындағы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысына назар аударылды.

Құркөл ауылындағы мәдениет үйінің шатырына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары бақылаудан өткізілді. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ қала әкімі Құркөл және М. Омаров ауылдарының кіреберіс жолдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, сапасың тексереді.

Өткен жылы Сырлықала, Көктерек, Дөнентаев және Еңбек ауылдарының кіреберіс жолдары асфальтталып, соңғы екі жыл ішінде округке қарасты барлық елді мекендерге апаратын жолдар толықтай жөнделді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Еңбек және М. Омаров ауылдарында көше шамдары орнатылып, ішкі жолдарға күрделі жөндеу жүргізілді.