
Қала әкімі Ақсу қалалық емханасындағы жабық галерея құрылысының барысын қарап шықты. Қазіргі уақытта нысанда іргетасты тұрғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Теплосервис-Аксу» КМК директорынымен бірге емхана ғимаратына баратын сыртқы жылу желісінің жөндеу жұмыстары – яғни, жылу магистралінен бастап ғимаратқа дейінгі аумақ талқыланды.
Жөндеу жұмыстарының басталу мерзімі келісілді: іске қосу 10 маусымға жоспарланған. Осы уақытқа дейін жылу желілері сыртқы коммуникацияларды жөндеуге байланысты барлық қажетті іс-шараларды бастауға дайын болуы тиіс.