Меню

Страницы

Статья

Пестицидтер

Пестицидтер – өсімдіктер зиянкестері мен қоздырғыштарын, сондай-ақ әртүрлі паразиттерді, астық және астық өнімдерінің зиянкестерін, ағашты, мақтадан, жүннен, теріден жасалған бұйымдарды, үй жануарларының эктопаразиттерін, адам мен жануарлардың қауіпті ауруларын тасымалдаушыларды жою үшін қолданылатын улы заттар. Пестицидтер ұғымына мыналар жатады:

-арамшөптерді жоятын гербицидтер;

-жәндіктер зиянкестерін жоятын инсектицидтер;

-патогендік саңырауқұлақтарды жоятын фунгицидтер;

-зиянды жылы қанды жануарларды жоятын зооцидтер және т.б.

Әкелі және өткізу

Тіркелген пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тек пестицидтерді өткізуге арналған лицензия алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген пестицидтерді өткізуге пестицидтерді сақтауға арналған қоймаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және лицензия алғаннан кейін ғана жол беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін пестицидтер мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Пестицидтер нарыққа шығарылған кезде химиялық өнімдер туралы ақпаратты қамтитын қауіпсіздік құжатымен бірге ұсынылады.

Пестицидтерді сақтау және қолдану кезіндегі олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Пестицидтерді сақтау жөніндегі жұмыс арнайы киіммен және персоналдың жеке қорғаныс құралдарымен жүргізіледі.

Пестицидтермен жұмыс істелетін орындар пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі құралдармен, нұсқаулықтармен, жадыналармен қамтамасыз етіледі.

Пестицидтерді қолдану – пайдалану регламенттеріне (шығыс нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту мерзімдері, ұсынылатын жеке қорғаныс құралдарын қолдану) сәйкес жүзеге асырылады.

Халықтың тұрмыс жағдайына қолайсыз әсердің алдын алу  және болдырмау мақсатында қоймалық үй-жайлардың аумағында және санитариялық-қорғаныс аймақтары шегінде талдамалық және құралдық бақылау әдістері пайдаланыла отырып, тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

Пестицидтерді балалар, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сататын кәсіпорындар аумағында қолдануға жол берілмейді.

Пестицидтерді қолданған кезде барлық орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері (құдықтар, ұңғымалар) берік жабылады.

 

Дата публикации
23 мая 2023
Дата обновления
23 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2025
Депутаттыққа тіркелген кандидаттар туралы ақпарат
26 сентября 2025
Анонстар мен хабарламалар
Ақпарат
27 августа 2025
N 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсу қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері