2025 жылғы 26 қазанда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсу қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсу қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсу қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 3887 азамат енгізілді. Дауыс беруге 2092  сайлаушы, оның ішінде  дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 адам қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсу қаласы мәслихатының шығып қалған депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Ж.М. Есембаева үшін сайлаушылардың 1259 дауысы берілді,

К.Д. Ибраев үшін сайлаушылардың 377 дауысы берілді,

Ф.Г. Мамедов үшін сайлаушылардың 421 дауысы берілді,

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 14.

Сайлау қорытындылары бойынша № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсу қаласы мәслихатының депутаты болып Есембаева Жамиля Мухамедьяновна сайланды, ол 1976 жылы туған, «Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы»  МКҚК директоры.

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
28 октября 2025