Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2021 жылғы 14 шілдеде Ақсу қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ақсу қаласы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы"қаулы қабылданды.

Сайлау комиссиясының төрағасы С. Т. Жақыпов Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы баяндама жасады.

Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Ақсу қаласының сайлау комиссиясы Ақсу қаласының Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкіміне ұсынылған 7 кандидаттың ішінен 5 адамды тіркегенін хабарлады. Кандидат Қ.Б. Қазбековтың өтініші бойынша ол тіркеуден шығарылды.

Тіркелген кандидаттар қатарында 4 (80 %) ер адам және 1 (20 %) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 3 – заңгер, 1 – биология мұғалімі, 1 – мал дәрігері.

Кандидаттар арасында:

1-коммерциялық құрылымның қызметкері;

1-мемлекеттік ұйымдардың қызметкері;

2-мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымның бір өкілі.

14 шілде күні сағат 18.00-ден бастап Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті бастауға құқығы бар, үгіт науқаны ағымдағы жылғы 24 шілде күні сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Мәжілістен кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті, онда сайлау комиссиясының төрағасы сұрақтарға жауап берді.

Тіркелген кандидаттардың тізімі

  • Сукер Болотхан, ауылдық округ әкімі, Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылдық округі, Үштерек ауылы, өзін-өзіұсынған;
  • Байманов Қанатбек Қайроллаұлы, 1970 жылы туған, Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауық сервис" МКҚК директоры, Ақсу қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  • 1) Сыздықов Марат Абылхасанұлы, 1973 жылы туған, бас маман-мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспектор, "ҚР АШМ ВБ және ҚК Ақсу қалалаық аумақтық инспекциясы" ММ, Ақсу қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
  • 2) Егамқұлов Әбдіжамал Сүлейменұлы, 1976 жылы туған, күзетші, "Тарлан-Сарбаз" ЖШС, Ақсу қаласының тұрады, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, өзін-өзі ұсынған;
  • 3) Амангелдиева Салтанат Амангелдіқызы, 1990 жылы туған, "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" ММ, Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Дата публикации
15 июля 2021