Жол-көлік жарақатын азайту, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 05-29 ақпан аралығында Ақсу қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Аталған кезеңде полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесетін болады.
- Аталған іс-шара кезеңінде жолдарда, әсіресе түнде патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артты. Тәртіп сақшылары мас күйінде автокөлікті басқаруға байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарын, басып озу, қарсы қозғалысқа шығу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерінің алдын алуды, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауды және ұялы телефон арқылы сөйлесуді анықтайды, - деді Ақсу қаласы ПБ бастығы Дулат Төкенов.
Полиция бөлімі жол ережелерін қатаң сақтауға және заң бұзушылықтарды болдырмауға шақырады.